• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

Сайлауды байқауға қатысты

220 рет
көрсетілді

Үстіміздегі жылғы 4 желтоқсанда Өзбекстан Республикасының президентін сайлау болды, бұл сайлау халықаралық қоғамдастық тарапынан зор қызығушылық туғызды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі. Сайлауға ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөнін­дегі бюросынан, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан, Шанхай ынтымақтастық ұйымынан, Дүниежүзілік сайлау орган­дарының қауымдастығынан және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымынан, сондай-ақ 46 мемлекеттен 548 халықаралық бай­қау­шы аккредиттелді. 59 байқаушыдан тұрған қазақстандық делегация, оның ішінде Орталық сайлау ко­миссиясының төрағасы Б.Имашев, Ко­миссия мүшесі М.Сәрсембаев, Пар­­ла­мент Мәжілісінің депутаттары Ф.Ка­ра­таев, К.Ержан және Қазақстан өңір­­ле­рінің өкіл­дері, ең көп құрамды деле­га­ция­лар­дың бірі болды. Қазақстандық байқаушылар Өзбекстан астанасымен қатар, өңірлерінде де пре­зи­денттік сайлауды байқауға белсенді қа­тысты, сайлаудың жоғары деңгейде ұйым­дастырылғанын, учаскелік сайлау ко­миссияларының біліктілігін, сайлау процесінің ашықтығы мен айқындығын атап өтті.