• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

Компания ұстанымы – қолжетімді пәтер

228 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласы  жыл өткен сайын қанатын кеңге жайып, көркейіп келеді. Мұнда құрылыс индустриясы жақсы дамуда. Әсіресе, тұрғын үй құрылысында анағұрлым ілгерілеу бар. Шаһарда соңғы жылдардың бедерінде бірнеше шағын аудан бой көтерді. Тұрғын үй құрылысын салуға мемлекеттік және жеке компаниялар атсалысуда. Солардың арасында «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ сал­ған тұрғын үйлер сәулеттік тар­тым­­дылығымен, ішкі өлшемдері­мен, ең бастысы, қолжетімділігі­­мен ерек­­ше­ленеді. Қазақстан Респуб­ли­­ка­сының Тұң­ғыш Президенті кү­ніне орай және Тәуелсіздіктің 25 жыл­дығы қарсаңында «Нұрлы жол» бағ­дарламасы аясында «Бәйтерек» ҰБХ еншілес ұйымы – Қазақстан ипотекалық компаниясы салған тұр­ғын үйлер пайдалануға берілді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен  «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов осы  тұрғын үйлерден пәтер алған ақтөбелік 318 отбасыға  пә­терлердің кілттерін салтанатты жағ­дай­да тапсырып,  қоныс той­ларымен құт­тық­тады. Мемлекеттік бағдарламаны табысты жүзеге асырудың арқасында 2015 жылдан бастап 900 ақтөбелік от­басы сатып алу құқығымен жалға бе­рілетін тұрғын үйлермен қамтамасыз еті­л­ді. «Нұрлы жол» бағдарламасы бой­ынша салынатын объектілер тез арада аяқталып биыл тапсырылады. 2016 жылдың соңына дейін «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ Ақтөбе қаласының тұрғындарына тағы да таза әрленген 391 пәтер бөлуге әзір. – Үстіміздегі  жылы біз еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлағалы отырмыз. Соған орай өңірде «Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн бастау алған болатын. Қазірдің өзінде біздің өңір «Нұр Ақтөбе» мен «Батыс-2» алаптарында тұрғын үй құрылысында өздерінің мүмкіндіктері мен әлеуетін сенімді түрде көрсете алды. Біздің бүгін тапсыратын алты қабатты 3 тұрғын үйдің пәтер кілттері – осының дәлелі, – деді облыс әкімі. Жалдамалы пәтерлерге бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары, мемле­кет­тік қызметкерлер, көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, әскери қызметшілер ие болды. – Адамдардың көптен күткен пә­терле­ріне Тұңғыш Президент  күні қол жет­кі­зулерінің де мәні бар. Өй­ткені, бүгінде елі­міздің 9 мың аза­матының ҚИК желісі бой­ынша тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне Мем­лекет басшысы тапсырма берген  болатын. Біз бүгін Ақтөбе  мен  Алматы қалаларында 370  отбасының баспаналы болып, «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы арқасында ие болғандары үшін қуаныштымыз, – деді «Қазақстан ипотекалық компания­сы» ИҰ» АҚ  басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов. Ақтөбе қаласында үш үйден тұратын кешенде 318 пәтер бар. Аталмыш бағдарлама қатысушыларының тізі­мін  қалалық әкімдіктегі комиссия құжаттарын қа­был­дап болған соң жасап, төлем қа­бі­­­леттерін растау үшін «Бәй­терек» хол­ди­нгінің еншілес құрылымы – ҚИК-ке жіберді. Жаңа пәтердің кілттеріне ие болған­дар­дың қуаныштарында шек жоқ. Бірін-бірі құттықтаған тұрғындарды сөзге тартқанбыз. – Мен еліміздің Тұңғыш Президенті күні пәтер кілтін алғаныма қуанып, толқып тұрмын. Елбасы халықтың тұрмысын жақсартуға  айрықша көңіл бөлуде. Сондай-ақ, өте қысқа мерзімде осындай тұрғын үй салған Қазақ­стан ипотекалық компаниясына алғысым шексіз. Қуанышымды бөлісуге Қазалыдан анам Дәмегүл де келіп, мынадай жайлы пәтер алғаныма қуануда. Пәтердің несиелік  бағасы да қолжетімді, бес жылдан кейін сатып алуға болатын шарты да қолайлы, – дейді №6 емхананың медбикесі Гүлжанат Ескендірова. – Бір үйлі жан пәтер жалдап келдік. Қазір үш бөлмелі пәтерге қолымыз жетіп отыр. Осының бәрі  Елбасының халықтың қамын ойлаған сарабдал саясатының арқасы. Мұнда енді ата-анам, бауырларыммен бірге жеті адам тұратын боламыз. Баспанаң болғанға не жетсін, пәтер жалдаудың азабынан құтылып, мерейіміз  өсіп, көңіліміз көтерліп қалды, – дейді Нұржан Истигулов. «Біз еліміздің Президентіне халықтың тұрғын үйге жеңілдікпен қол жеткізуіне мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс ке­зінде мемлекетіміз мүгедектер, же­тім­­дер, жас және көпбалалы отбасылар секілді халықтың әлсіз топтарын қол­жетімді баспанамен қамтамасыз етуді жалғастырып келеді», дейді «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қызметкері Аида Балдарина. – Біздің компания былтыр 70 пәтерді пайдалануға берді. Биылдың өзінде №41 разьезде – 48, «Кең дала» шағын ауданында – 91, «Батыста» – 210, Марьесев көшесінде – 7 және Ленинград көшесінде 9 пәтерлі тұрғын үйді тапсырдық. Қазір осы кешендегі 318 пәтер толықтай дайын. Бүгін алғашқы қоныстанушылар пәтер кілттерін алды. Осы бағдарлама жүзеге асырыла бастағалы 900-ден астам ақтөбелік пәтерге ие болды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады. Компания  тұрғын үйлерді салуда «Соллерс», «Кросс» және «Алаң инве­ст» жауапкершілігі шектеулі серік­тес­­тіктерімен бірге жұмыс істеуде. Бұл үйлерде бір, екі және үш бөлмелі пәтерлер бар. Жалпы аумағы 41-84 шаршы метр шамасында. 1 шаршы метр тұрғын үйдің құны орташа есеппен айына 923 теңгені құрады.  Әзірге 20 жылға жалға беріледі, мүмкіндігі келсе бес жылдан кейін сатып алуларына болады, – дейді «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ-тың Ақтөбедегі өкілі Дәулетияр Балабаев. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен «Қазақстан ипотекалық компания­сы» ИҰ» АҚ басқарма төрағасы Әділ Мұ­хамеджанов тұрғын үй алаңына ағаш көшеттерін отырғызды. Жалпы алғанда бұл компания тұрғындардың аз қамтылған тобын тұрғын үймен қамтамасыз етуде өзіндік ізденістермен жұ­мыс істеуде. Тұрғын үйлерді тез де са­палы салумен бірге, бағасының қол­же­тімділігіне де басымдық беруі ха­лы­қ­­тың көңілінен шығуда. Қазір осы бағдарламамен тұрғын үй алуға ықы­лас білдірушілер қатары арта түскен. Бұл компанияның беделін көтеріп, жұ­мыс­тарын қарқынды жүргізуге ықпал етуде. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» АҚТӨБЕ Суретті түсірген Максим Токарь