• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

Ауа райы қолайсыздығынан бірқатар жолдар жабылды

184 рет
көрсетілді

ҚР ІІМ ТЖК сайтында еліміздің өңірлеріндегі жолдардың жабылуына қатысты ақпарат жаңартылды. Қазіргі уақытта үш жолда көліктер қозғалысына шектеу қойылған, деп хабарлады ҚазАқпарат. Шығыс Қазақстан облысында 5 желтоқсан күні сағат 13:15-тен бастап ауа райының бұзылуына байланысты (қарлы бұрқасын) респбуликалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» жолында (971-1047 шақырымы аралығы, Қалбатау кентінен Ұлан ауылына дейін) қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысы шектелді. 6 желтоқсанда сағат 20:00-ден бастап күн райының бұзылуына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) облыстық деңгейдегі «Күршім-Қалжыр» (0-131 шақырымы) жолында барлық көліктердің жүруіне тыйым салынды. Қызылорда облысында 6 желтоқсанда сағат 12:30-дан бастап жолды су басып кетуі салдарынан облыстық деңгейдегі «Жалағаш-Жосалы» автожолында барлық көліктердің қозғалысы шектелді.