• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

Қостанайда екі көшенің атауы өзгерді

249 рет
көрсетілді

Қостанай қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясының бірлескен  отырысында жұртшылық пікірін тыңдау өткізілді. Онда облыс орталығындағы Герцен көшесін Қобыланды батыр даңғылы деп өзгерту, Герцен көшесін академик  Зұлқарнай Алдамжар атындағы көше деп өзгерту және Таран көшесін Тәуелсіздік көшесі деп өзгерту жөнінде үш мәселе қаралды. Тұрақты комиссияның бірлескен отырысына қаладағы жұртшылық және БАҚ өкілдері шақырылды. Биыл 26 қараша күні Қостанай қалалық мәслихатына Қостанай қаласы әкімінің қаладағы көшелер атын өзгерту туралы үндеуі келіп түскен болатын. Ол алдымен тұрақты комиссияның бірлескен отырысында қаралып, оның қорытындысында жұртшылық пікірін білу туралы қаулы қабылданған болатын. Жұртшылық пікірі тыңдалған отырыста тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы Қобыланды батыр туралы шағын баяндама жасады. Сонан кейін жұртшылық пікірін білдірді. Сонымен қатар, Зұлқарнай Алдамжар туралы Қостанай әлеуметтік техникалық университетінің доценті Есмұқан Махметов айтып берді. Ұзақ талқылаудан кейін көпшілік Қостанайдағы ұзын көшелердің бірі Герцен атындағы көше қазақтың бас батыры Қобыландының атына лайық деген тоқтамға келді. Мұнан кейін тарих ғылымдарының кандидаты Сергей Самаркин  революционер Лаврентий Таран туралы мәліметтер берді. Жұртшылық өкілдері талқылай келе, Таран көшесін Тәуелсіздік деп атау орынды екеніне бәтуаласты. Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан».