• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

Мәжілісте «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заң жобасы қаралады

132 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжілісте «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заң жобасы қаралады Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заң жобасы қаралады. Жоба дактилоскопиялық тіркеу арқылы қазақстандықтар жеке басын куәландыратын құжаттарды ресімдеу және шетелдіктер виза алу кезінде өтетіндігін қарастырады, деп хабарлады BNews.kz. Заң жобасын іске асыруға 2018-2023 жылдары 36,8 млрд теңге ($100 млн аса) қажет. Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді енгізудің қажеттілігі қандай және бұл азаматтардың қауіпсіздігіне қалай әсер ететіндігі туралы заң жобасын әзірлеушілер – ҚР ІІМ өкілдері баяндайды. Сондай-ақ, отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы»,  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Жайылымдар туралы», «Пробация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде талқыланады.