• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

Елбасы сауданы СІМ-не беруді ұсынды

134 рет
көрсетілді

Кеше Отандық кәсіпкерлердің төл мерекесі — Индустрияландыру күніне орай ұйымдастырылған Жалпыұлттық телекөпір барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сауданы еліміздің Сыртқы істер министрлігіне беруді ұсынды. «Сырт­қы сауда мен инвестиция бірге болуы керек. Бізде сауда бір министрлікте, инвестициялар – басқа министрлікте. Біреудің әр компанияның соңынан жүріп, ел игілігіне қызмет етуге тартқаны жөн. Жүйе­лі жұмыс істейтін елдер осылай жасай­ды. Ал бізде мұндай жоқ. Осымен нақты кім айналысатынын анықтауы­мыз қажет. Мүмкін, Сыртқы істер министрлігі Австралия, Канада және басқа да көптеген елдердегідей Сыртқы істер және сауда министрлігі болуы керек шығар? Ал Индустрия министрлігі тек индустриямен ғана айналысуы тиіс. Әрқайсысы өз ісін білгені абзал. Біз маңызды жұмысқа кедергі келтірмеуіміз қажет», деді Мемлекет басшысы. Бұл ретте Қазақстан Президенті қаржыландыру мәселесі де аса маңызды екендігіне тоқталды. Халықаралық тәжірибе қаржыландыру болмаған жағдайда барынша мінсіз жасалған стратегияның өзі іс өнбейтіндігін көрсеткендігін баса айтты. «Біз индустриаландыруды қолдауға бағытталған ресурстарды жыл сайын ұлғайтып отыруға тиіс екендігімізді атап өткен орынды. Мәселен, аграрлық сектор бюджет шығыстарының 4,5 пайыз қолдауын ала отырып ел ЖІӨ-сіне небәрі 5 пайыз береді. Көлік пен коммуникациялар 8,3 пайыз береді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 6,8 пайыз бюджетті шығындайды. Ал бұл орайда ел ЖІӨ-сінің 16 пайызын беретін өнеркәсіп пен құрылыс бюджет шығыстарының 0,6 пайызына ғана қаржыландырылады», - деді Назарбаев.