• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

«Астана Балет» театрына жаңа ғимарат берілді

240 рет
көрсетілді

«Астана Балет» театры орналасқан жаңа ғимаратта алғашқы спектакльдер 2016 жылғы 10-11 желтоқсанда өтеді. Театрдың жалпы көлемі 15,4 мың шаршы метр.  Көрермен залында 783 орын бар (609 орындық партер, 104 орындық балконның 2 ярусы, 70 орындық балконның 3 ярусы). Сахнаның ауданы 536 шаршы метр.  Сахна төрт көтеріп-түсіру планшеті мен төрт әртістік көтергішпен жабдықталған. «Астана Балет» театрының сахнасында сценографиясы күрделі спектакльдер қоюға болады. «Астана Балет» театры сахнасының мүмкіндіктері режиссерлер мен сценографтардың бірегей идеяларын жүзеге асыруына жол ашады.  Жарық беру кешенінде дәстүрлі театр қондырғылары және жүйелерімен қатар, осы саладағы соңғы инновациялық жаңалықтар қолданылған. 600-800 жарық жабдықтары орнатылып, соның арқасында көркем жарықты жоғары сапада жасау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, арнайы техника бейнепроекцияның бар мүмкіндіктерін қолдануға мүмкіндік береді. Сахнаның техникалық мүмкіндіктері театрдың көркемдік-қоюшылық артықшылықтарын арттырып, түрлі жанр мен стильдегі спектакльдердің қойылымын жүзеге асыруға мұрша береді. «Астана Балет» театры «Қазақ Ұлттық хореография академиясының» жанында орналасқан.