• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

Головкин SecondsOut.com рейтингінде көш бастады

86 рет
көрсетілді

Бокс туралы жаңалықтар мен сұхбаттар жариялайтын әлемдік  SecondsOut.com порталы салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) үздік боксшылар рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz. Аталған рейтингте бірінші орында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0) тұр. GGG 18-наурыз күні Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында Дэниел Джейкобспен (32-1) кездеседі. Екінші орынға никарагуалық Роман Гонсалес (46-0, 38 КО), үшінші орынға америкалық Андре Уорд (31-0) жайғасқан. SecondsOut.com бойынша он үздік боксшы мыналар: 1. Геннадий Головкин (36-0) 2. Роман Гонсалес (46-0) 3. Андре Уорд (31-0) 4. Сергей Ковалёв (30-1-1) 5. Василий Ломаченко (7-1) 6. Мэнни Пакьяо (59-6-2) 7. Теренс Кроуфорд (29-0) 8. Синсукэ Яманака (26-0-2) 9. Сауль Альварес (48-1-1) 10. Хуан Франсиско Эстрада (34-2).