• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

Қазақстандық боксшы 9 желтоқсанда жекпе-жегін өткізеді

82 рет
көрсетілді

Бокстан жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Әли Ахмедов 9 желтоқсан күні Польшада кәсіби рингтегі 5-ші жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Алғашында Әлидің қарсыласы латвиялық Эдуард Герасимовс (6-10-1, 6КО) болатыны, кейінірек Михал Герлецкимен (13-1-0) жекпе-жекке шығатыны хабарланған. Алайда, BoxRec сайтының мәліметі бойынша ол беларусьтік Владимир Харкевичпен жұдырықтасуы тиіс. Кездесу 6 раундтан тұрады. Айта кетейік, Әли Ахмедов бұған дейін өткізген төрт кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған. Сонымен қатар, қазақстандық боксшыға Сауль «Канело» Альварестің және Мэнни Пакьяоның промоутерлері қызығушылық танытып отырғаны хабарланған болатын.