• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

2016 жылы қазақстандықтардың депозиттері ұлғайды

120 рет
көрсетілді

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің жалпы көлемі 2016 жылғы қазанда 0,7%-ға өсті, деп хабарлайды Ұлттық банк. Заңды тұлғалардың депозиттері аздап төмендеді және 10 423,6 млрд. теңге (жыл басынан бері өсім 13,6%) болды, жеке тұлғалардың депозиттері 7 330,5 млрд. теңгеге дейін 1,8%-ға өсті (жыл басынан бері 7,9%-ға өсті). Бір айда ұлттық валютадағы депозиттер 6,8%-ға 7 857,8 млрд. теңгеге дейін (заңды тұлғалардыкі – 6,7%-ға, жеке тұлғалардыкі – 7,1%-ға өсті) өсті, шетел валютасындағы – 3,6%- ға 9 896,3 млрд. теңгеге дейін (заңды тұлғалардыкі – 1,3%-ға, жеке тұлғалардыкі – 0,9%-ға) төмендеді. Теңгемен депозиттердің үлес салмағы бір айда 41,7%-дан 44,3%-ға дейін ұлғайды. Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттерінің үлесі бір айда 33,4%-дан 35,1%-ға дейін өсті. Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің жалпы көлемі 2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 2016 жылдың басынан бастап 11,2%-ға ұлғайып, 17 754,1 млрд. теңге болды. Ұлттық валютамен депозиттер 2016 жылдың басынан бастап 7 857,8 млрд. теңге дейін 58,7%-ға ұлғайды, шетел валютасымен – 9 896,3 млрд. теңгеге дейін 10,2%-ға төмендеді. Теңгемен депозиттердің үлес салмағы 2016 жылғы қазанның соңында 44,3% болды. Халықтың банктердегі салымдары (бейрезиденттерді қоса алғанда) 2016 жылдың басынан бастап 7 390,7 млрд. теңгеге дейін 7,4%-ға ұлғайды. 2016 жылғы қазанда банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 10,8% (2015 жылғы желтоқсанда – 20,1%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 12,2% (8,5%) деңгейінде қалыптасты.