• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

Банктердің экономиканы несиелендіру көлемі көбейді

144 рет
көрсетілді

Банктердің экономиканы кредиттеуінің көлемі 2016 жылғы қазанда 0,7%-ға артты және 12 770,0 млрд. теңгені құрады. Ұлттық валютамен кредиттер көлемі 8 543,9 млрд. теңгеге дейін 1,5%-ға ұлғайды, шетел валютасымен 4 226,2 млрд. теңгеге дейін 0,9%-ға төмендеді. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы бір айда 66,4%-дан 66,9%-ға дейін ұлғайды, деп хабарлайды Ұлттық банк. 2016 жылғы қазанның соңында ұзақмерзімді кредиттер көлемі 10 535,3 млрд. теңгеге дейін 0,6%-ға ұлғайды, қысқамерзімді – 2 234,7 млрд. теңгеге дейін 0,8%-ға ұлғайды. 2016 жылғы қазанда ұзақмерзімді кредиттердің үлес салмағы 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда төмендеді және 82,5%-ды құрады (2015 жылғы желтоқсанда - 83,0%). Заңды тұлғаларға кредиттер көлемі 2016 жылғы қазанда 8 718,6 млрд. теңгеге дейін 1,1%-ға артты, жеке тұлғаларға 4 051,5 млрд. теңгеге дейін 0,3%-ға төмендеді. 2016 жылғы қазанда жеке тұлғаларға кредиттердің үлес салмағы 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 32,9%-дан 31,7%-ға дейін төмендеді. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2016 жылғы қазанда 2 898,2 млрд. теңгеге дейін 3,6%-ға артты (жыл басынан 40,7%-ға), бұл экономикаға кредиттердің жалпы көлемінен 22,7% құрайды (2015 жылғы желтоқсанда - 16,3%). Салалар бойынша банктердің экономикаға кредиттерінің барынша айтарлықтай сомасы сауда (жалпы көлемдегі үлесі – 21,3%), өнеркәсіп (13,7%), құрылыс (8,0%), ауыл шаруашылығы (5,4%) және көлік (4,2%) сияқты салаларға тиесілі. 2016 жылғы қазанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 15,8% (2015 жылғы желтоқсанда – 16,0%), жеке тұлғаларға 19,2% (17,3%) болды.