• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

Астанада биыл 17 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

138 рет
көрсетілді

  Ал 2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы 7 357 адамды жұмысқа орналастырған. «Жастар тәжірибесінен өтуге 661 түлек, қоғамдық жұмыстарға 2 137 және жаңа мамандықтар алу мақсатында 699 адам кәсіптік оқытуға жолданды. Сондай-ақ, 121 жұмыссыз адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды», – делінген аталған орталық ақпаратында. Айта кетейік, Астана қаласында белсенді іс-шаралар қолданудың арқасында жұмыссыздық деңгейі төмендеп, 4,6 пайызды құрады. Астана жұмыссыздық деңгейі төмен өңірлердің алдыңғы қатарында тұр.