• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

Шымкентте ескі автокөліктерді қабылдайтын бекет ашылды

133 рет
көрсетілді

Шымкентте ескі автокөліктерді қабылдау бекеті ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Арнайы бағдарлама бойынша жұмыс істейтін орын қазір тек салмағы 3,5 тоннадан аспайтын көліктерді қабылдап жатыр.  Арнайы есептен шығарылған көлікті бекет мамандары 150 мың теңгеге бағалап отыр. Бағдарлама бойынша өткізілетін автокөліктердің жылы мен маркасына шектеу қойылмайды. Тек бар бөлшегі өзінде болуы шарт. Егер көліктің сыртқы шанағы мен қозғалтқышы орнында болса - 150, ал, олай болмаса, 48 мың теңге беріледі. Бұл тұста сізге автокөлікті жою туралы хаттаманың түпнұсқасы мен арнайы жазылған өтініш, жеке бас куәлігінің көшірмесімен бірге, банкттік есепшоттың номірі керек.  Бірақ, ескі көлікті алда-жалда өткіз деп ешкім қинамайды. Статистикаға сүйенсек, ескі көліктердің көптігі жағынан біздің өңір елеміз бойынша үшінші орында. Біздің жолда шығарылғанына ширек ғасырдан асқан 40 мыңдай көлік жүр. Аталмыш жоба сол көліктерді айналымнан шыру үшін қолға алынып отыр. Бұл істі аудан орталықтарында да жандандыру үшін мобильді жылжымалы бекет желтоқсанның сегізі күні Түркістан, 12-сіне Сарыағаш қаласына бармақшы. Ал, бағдарлама бойынша ірі жүк көліктерін қабылдау келесі жылдан бастап жүзеге асырылуы мүмкін.