• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

Елімізде алдағы үш күнде күн суытады

132 рет
көрсетілді

  Қазақстан аумағы арқылы үлкен жылдамдықпен атмосфералық фронттар жылжып жатыр. Сондықтан елімізде жауын-шашын, бұрқасын, қатты жел, тұман мен көктайғақ орын алып, қолайсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы 8-10 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамында «Қазгидромет» хабарлады. Алдағы үш күнде ел аумағын суық ауа фронттары басады деп күтілуде. Егер өткен күндері республикамызда ауа температурасы климаттық мағынадан  3-8º-қа кейбір уақыттары - 13º-қа жоғары болса, алдағы тәуліктерде ол төмендейді және нормадан 3-8º-қа төмен болады.