• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

Әуесқой балықшылар 5 келіге дейін балық аулай алады

177 рет
көрсетілді

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.И. Мырзахметов ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстыра отырып, депутаттардың балық шаруашылығы бойынша бірқатар сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Ауыл шаруашылық министрлігі. Халық қалаулыларын әуесқой балық аулаушылардың рұқсат етілмеген су қоймаларында балық аулауы мәселелері қызықтырды. «Аталған мәселе ел азаматтарының басым бөлігіне қатысты. Яғни, су айдындары маңынды тіршілік кешіп жатқан және негізгі азығы балық болып отырған азаматтар топтарының мүддесін қамтиды», – деді А.Мырзахметов. Вице-Премьердің айтуынша, жеке кәсіпкерлік субъектісі болып отырған қолданушылар балық көлемі үшін қаржы төлей отырып, белгілі бір жолдамалар беруге қақылы. Бұдан бөлек, олар келісімшарт міндеттемелерін орындауға да ақша шығарады. Сондықтан да, бұл мәселеге түсіністікпен қарау керек. ҚР АШМ қолданушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, су қоймаларының жағалаулары маңындағы елді мекен тұрғындармен ынтымақтастықта болып, олардың мұң-мұқтажына атсалысуға шақырады. Өз кезегінде, кейбір қолданушылар тұрғындарға тегін жолдамалар беріп, жекелеген тұлғаларға балық аулауға рұқсат береді. «Тағы бір айта кетерлік жайт – бекітілген су тоғандарында әуесқой балық аулаушыларға 5 кг дейін тегін және бұл үшін рұқсат алу керек емес», – деді А.Мырзахметов.