• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

Табиғатты қорғау мекемелері жанынан үйлестіру кеңесі құрылады

266 рет
көрсетілді

ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттарды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.И. Мырзахметовтың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқаруға жұртшылықты тарту мақсатында табиғат қорғау мекемелері жанынан Үйлестіру кеңесін құру туралы ұсынысы қызықтырды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылық министрлігі. «Үйлестіру кеңесі – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін құрылмақ. Оның құрамына ҮЕҰ мен жергілікті атқарушы органдардың, ардагерлер кеңесі мен бизнес құрылымдарының және табиғат саласындағы мекемелер өкілдері кіреді, – деп атап өтті А.Мырзахметов. Аталған Кеңес өкілетті орган бекіткен типтік ереже негізінде құрылады. Яғни, Үйлестіру кеңесі – консультативтік-кеңестік және бақылау органы болмақ. Оның ұсынымдары табиғат қорғау мекемелерінің әралуан шараларды жоспарлауы барысында ескерілетін болады. Айта кетейік, ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралды.