• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

Головкин жаттығуын келесі жылы жалғастырады

82 рет
көрсетілді

Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин алдағы жылдың басында жаттығуға қайта оралады, деп хабарлады Sports.kz. UCN Live мәліметі бойынша Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес боксшының алдағы мерекелерді жанұясымен бірге өткізу үшін жыл соңына дейін демалыс алғандығын айтты. Жаттығу жұмыстарына әлем чемпионы 2017 жылдың басында кіріспек. Айта кетейік, Головкин алдағы жылдың наурыз айында жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Мәліметтерге сәйкес, қарсыласы америкалық Дэниэл Джейкобс болуы мүмкін.