• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

Биатлоннан әлем кубогына қатысатын спортшыларымыз белгілі болды

185 рет
көрсетілді

Словенияның Поклюка қаласында 9-11 желтоқсан аралығында биатлоннан әлем кубогының екінші кезеңі өтеді. Жарыста ел намысын 10 спортшы қорғайды. Ерлер арасында: Ян Савицкий, Максим Браун, Антон Пантов, Владислав Витенко, Василий Подкорытов; әйелдер арасында: Галина Вишневская, Дарья Усанова, Анна Кистанова, Алина Райкова, Ольга Полторанина. Олар 9 желтоқсанда спринттен сынға түссе, 10 желтоқсанда із кесу сайысы бойынша өнер көрсетеді. Ал 11 желтоқсан күндері эстафеталық сайыстан үздіктер анықталады.