• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

Ж.Асанов: Рақымшылық қоғам қауіпсіздігіне кері әсерін тигізбейді

202 рет
көрсетілді

Қазақстандықтар өмірінің қауіпсіздігі жыл сайын жақсарып келеді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша баяндама жасаған ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов мәлімдеді. «Бүгінде барлық ақпарат ашық. Оны алу да, тарату да қиын емес. Әрбір қылмыс интернет арқылы дереу тарап, бүкіл ел талқылап жатады. Ал бұрын бәрі басқаша болатын. Ақпарат құралдары тек жағымды ақпарат беретін. Бір сөзбен айтқанда, қазақстандықтар өмірінің қауіпсіздігі жыл сайын жақсарып келеді»,-деп атап өтті Бас прокурор. Ол сондай-ақ, рақымшылықтың қылмыстық ахуалға әсері жөнінде де айтып өтті. «Бұл рақымшылық қоғам қауіпсіздігіне, қылмыстық ахуалға кері әсерін тигізбейді. Себебі, ол қауіп төндірмейтіндерді, әлеуметтік әлсіздерді ғана жазадан босатады», - Ж.Асанов.