• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

«Астана» қаржы Орталығы БАӘ-де болды

118 рет
көрсетілді

 «Астана» Халықаралық қаржы Орталығының делегациясы іс-сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне, Катар мемлекетіне және Бахрейн Корольдігіне барды.  4-6 желтоқсан аралығында АХҚО делегациясы халықаралық қаржы орталықтарының озық тәжірибелерін зерделеу және олармен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Біріккен Араб Әмірліктеріне, Катар мемлекетіне және Бахрейн Корольдігіне сапар жасады. БАӘ-ге сапар барысында Дубай қаласындағы ҚР Елшілігі мен Бас консулдығының жәрдемдесуімен «Дубай» халықаралық қаржы орталығының (DIFC) Басқарушысы Исса Казиммен, Дубай қаласының Экономикалық даму департаментінің Бас директоры Сами аль-Камзимен, Дубай қаласының Туризм және коммерциялық маркетинг департаментінің Бас директоры Хиляль Саид аль-Марримен, Ислам экономикасын дамытудың Дубай орталығының Бас атқарушы директоры Абдулла Мохаммад аль-Ауаармен және «Smart Dubai Office» Бас директоры доктор Айша бин Бишрмен кездесулер және келіссөздер өткізілді. Бұдан басқа, делегация АХҚО қатысушыларына еңбек визаларын рәсімдеу барысында «бір терезе» қағидаты бойынша жұмысты ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді зерделеу үшін DIFC-дің Бірыңғай виза орталығында болды. Доха қаласына сапар барысында Катар мемлекетіндегі жетекші қаржы институттарымен ҚР Елшілігі ұйымдастырған келіссөздер өтті. Орталық банктің Төрағасы шейх Абдалла бен Саудом Аль Тани, Катар қаржы орталығының Бас директоры Майкл Райан, Қаржы нарығын реттеушінің Бас атқарушы директоры Нассер Ахмад Аль-Шайби, «Masraf al Rayan Group» банктер тобының Бас атқарушы директоры Адель Мустауфуй және басқалармен кездесулер шеңберінде АХҚО делегациясы катарлық тарапты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылған қаржы орталығының қалыптасу барысымен таныстырды. Катардың қаржы және банк ұйымдары өз кезегінде капитал нарығы, исламдық қаржы, активтер мен дәулетті тұлғалардың әл-ауқатын басқару саласында АХҚО қызметіне қатысуға қызығушылық танытты. АХҚО делегациясы сондай-ақ Катардың Қор биржасында болып, Бас атқарушы директор Рашид бен Али Аль Мансуримен кездесті. «World Innovation Summit for Education» Басқармасының Төрағасы Ставрос Янноукпен және «Qatar Investment Authority» Катар инвестициялық қорының Бизнесті дамыту директоры шейх Абдулазиз бен Али Аль Танимен мазмұнды келіссөздер өтті. Бахрейн мемлекетінде АХҚО делегациясы 20 жылдан бері исламдық банкинг пен қаржы саласы көшбасшыларының кездесулеріне арналған ірі алаң болып саналатын Дүниежүзілік Исламдық Банк конференциясының (WIBC 2016) жұмысына қатысты. Аталған іс-шараның аясында Бахрейн Орталық банкінің Төрағасы Рашид Аль-Мараджбен, Исламдық қаржы мекемелерінің бухгалтерлік есеп пен аудит жөніндегі ұйымы (AAOIFI) Бас хатшысының орынбасары Омар Мустафа Ансаримен, Халықаралық исламдық қаржы нарығының(IIFM) Бас атқарушы директоры Иджлал Альвимен, Бахрейннің Банк ісі мен қаржы институтының (BIBF)  директоры Ахмед Аль-Шайхпен кездесулер өткізілді. Қол жеткізілген уағдаласушылықтардың қорытындысы бойынша BIBF-пен Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қол қойылған Меморандумның негізінде адам капиталын дамыту саласы және озық тәжірибе мен біліммен алмасу бойынша ынтымақтастық жасау мүмкін болады.