• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

Ақтөбеде 540 отбасы баспаналы болды

174 рет
көрсетілді

Облыс орталығындағы «НұрАқтөбе» шағын ауданында 540 пәтерлік үш тоғыз қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында кезегі келген алғашқы 25 ақтөбелік отбасыға пәтер кілттері салтанатты жағдайда тапсырылды. Пәтер кілттерін тапсыру салтанатында сөз алған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев  жаңа үйге қоныстанушыларды қуанышты сәттерімен құттықтады. Еліміз егемендік алғаннан  бері Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың әл – ауқатын арттыруға, тұрмысын жақсартуға баса назар аударып келе жатқанын атап өтті. - Осы «НұрАқтөбе» шағын ауданы күні кеше ғана бой көтерген-ді. Қазір қаншама жаңа үйлер салынды. Мектептер, балабақшалар, жолдар салынып, жарыққтандыру жұмыстары жүргізілді. Бүгін міне, 540 пәтерлік үш тұрғын үйге қоныстану басталды. Үкіметпен келісіп, осы жерден «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер салу көзделуде. Тұрғын үйлерді тез де сапалы салып берген «Ақтөбе сәулет» компаниясына, осы тұрғын үйден пәтер алуға жағдай жасаған «Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ Ақтөбе филиалына ризашылығымды білдіремін. Жалпы тұрғын үйге байланысты барлық бағдарламалар бойынша биыл 5 мың ақтөбелік отбасы баспаналы болады,-деді өңір басшысы. Салтанатты сәтте Қарақалпақстаннан туған жеріне орылған қандасымыз Жарылқасын Таңбаев  сөз алып, осындай тұрғын үй салып берген Елбасына алғыс сезімін жеткізді, елдегі тыныштық пен татулықты Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясатымен сабақтастырды. - Мен Қарақалпақстаннан көшіп келген бойда кезекке тұрдым. 2013 жылы осы шағын аудандағы алғашқы тұрғын үйден пәтерге қол жеткіздім. Қазір бұл шағын аудан қанатын кеңге жайып, өсіп келеді. Туған жеріме келгеніме қуаныштымын. Халқының қамын ойлап, тұрмысын түзеуге ұйтқы болып отырған Елбасыға мың рахмет, дүние тұрғанша тұрсын,-деген Жарылқасын ақсақал батасын беріп, жаңа қоныстанушыларға құтты болсынын жеткізді. Содан кейін су жаңа пәтер иелері облыс әкімі Бердәібек Сапарбаевтың, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлованың және қала әкімі Ильяс Испановтың қолынан кілттерін алып, қуаныштарын бөлісті. Тұрғын үйдің кіреберісіне керілген көк лентаны осы ауданның ақсақалы Жарылқасын  Таңбаев пен ардақты ана Есқалиева қиды. Жаңа қоныстанушылар пәтерлеріне кіріп, көріп, жарық та кең бөлмелерге көңілдері толды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Суреттерді түсірген Максим Токарь. Ақтөбе.