• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

Елбасы атыраулықтарды мақтады

194 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қашағанның ресми таныстырылымы кезінде Дональд Трамппен не жайлы әңгімелескенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Өздеріңіз білесіздер, таяуда жаңадан АҚШ-тың президенті болып сайланған Трамппен сөйлестім. Өзімізді мақтамай-ақ қояйық... Ол жаңа адам, бірақ оған біздің мұнайшылар мәлімет берген болуы керек. Ол "Сіздер Қазақстанда ғажайып жасадыңыздар" деді. Мұны мен емес, Трамп айтты. Бұл жетістіктің ұлы тарихы", - деді Мемлекет басшысы. Елбасы осы жылдары мықты мемлекет құрылғанын атап өтті. "Өздеріңіз көріп отырсыздар, менде жұмыс кестесі өте тығыз. Соған қарамастан, ашылғанымыз туралы бүкіл әлемге жар салу үшін келдім. Кейбіреулер "бұл мұнай бағасына әсер ете ме?" деп сұрап жатыр. Келе-келе көре жатармыз. Қазір бюджетті барреліне 30-40 доллар аясында болған жағдайға құрып отырмыз", - деді Қазақстан Президенті. Сонымен қатар, Елбасы Атырау тұрғындарының жетістіктеріне жоғары баға берді. "Қазір атыраулықтар мүлдем басқа адамдар, шетелдік фирмаларда жұмыс істейтін инженерлермен бірге қызмет ететін, күрделі өндірістерді істейтін, шет тілдерін білетін мықты мамандар, осындай адамдар елді дамытады", - деді ол.