• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
08 Желтоқсан, 2016

8 желтоқсанға арналған ауа райы

168 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, айтарлықтай қар жауады, түнде оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде мөлшерден көп түседі, тек еліміздің батысында және солтүстік-шығысында күн райы ашық болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-23 м/с күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Маңғыстау облысында, күндіз Қызылорда облысының  кей жерлерінде жел бұрқасынмен 15-22  м/с  күшейеді. Қостанай облысында бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан  облыстарында, күндіз Қарағанды облысында кей жерлерде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының  кей жерлерінде түнде тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады.