• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Қыркүйек, 2011

Хиджаб

5092 рет
көрсетілді

Бүгінде елімізде хиджаб киген қыз-келіншектер көбейе тү­­суде. Хиджаб, оны жақтаушылар ай­­­тып жүргендей, күнделікті тұр­­­мыста кеңінен пайда­ла­нылып келе жатқан орамал болса, онда кімнің шаруасы бар?! Мәселе он­ың күнделікті, дәстүрлі орамал бол­мауында. Сондықтан да, хиджаб кию саяси-әлеуметтік мәсе­леге айналып отыр. Жуырда студенттермен хид­­­жаб туралы көптеген кездесулер өткіздік. Мыңнан ас­­­там жас қам­тылды. Сонда әр кездесуде 10-20 хиджаб киген сту­дент қыздар отырды. Олар сұ­­рақтарды өте көп қойды. Жоо-ларда және мектепте хиджаб кию­дің заңды ек­­­ен­­­­­дігін барынша дәлел­­­деуге ты­­­­рысты. «Сізге хиджаб қажет пе, университеттегі оқу қажет пе?» деген сауалға қыз­­дар «хиджаб қажет» деп ойланбастан нақты жауап қайтарды. Облыстың аудандарында, об­­­лыс орталығында «қызым хид­­­жаб» кимесе мектепке жібермейміз дейтін ата-аналар баршылық. Астанада екі жігіттің студент қыз­­­­дарын хиджабпен жоо-ға кіргізбеуге қарсы аш­­­тық та жария­лағаны белгілі. Хиджаб киген қыз­дар да өз құқықтары үш­­­ін күре­­­су­­­ге даяр екендігін бай­қа­­­тып отыр. Осы­­­ның бәрі­­­нің қоғамды жік­­­­ке бө­ле­тін әрекеттер екені анық. Енді хиджабпен мемлекеттік оқу орында­­­рын­да еркін жүрудің құқық­тық және тарихи жағдай­ла­­­рына тоқтала кетейік. Заңда­ры­­­мызда не айтыл­­­ған? Ел Консти­­­ту­ция­­­сы­­­ның 1-ба­­­­бының 1-тарма­­­ғын­­­да мемлекеттің «зай­­ырлы» си­па­­­ты, 2-тармағында «қо­ғам­­­дық та­­­тулық пен саяси тұрақ­­­тылық» тү­бегейлі принципі екендігі бекітілген. 5-баптың 3-тар­­­­ма­ғы «діни» араздықты қоз­­­дыра­­тын қо­ғам­дық бірлестік құ­руға тыйым салса, 5-тармағы «шетелдік діни бірлес­­­тіктердің қызме­ті­не» ар­налған. 14- бап­тың 2-тар­­­ма­ғын­да «дінге көз­қара­­­сы­на, на­ны­­мы­на» қарай кем­­сітуге бол­май­ды деп көр­се­­­тілген. 19-бап бойынша әр­кім «қай дінге жататынын өзі ан­ық­­­тайды». 22-бап толығымен дін­­­ге арналған. Онда «Ар-ождан бос­­тан­дығы құ­қы­ғы» және «Ар-ож­дан бостан­ды­ғы құқығын жү­зеге асы­­­ру жалпы адамдық және азамат­­тық құқық­тар мен мемлекет ал­­­дын­дағы міндеттерге бай­ланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс», делінген 34-баптың 1-тармағында әр­­­кім «Конс­титу­­цияны және заң­­­дарды сақтауға, басқа адам­дар­дың құ­қықтарын, бостандықта­рын, абы­­­ройы мен қадір-қасиетін құрмет­­теу­ге міндетті» деп жа­зыл­ған. «Ді­ни негіздегі партияларға жол берілмейді (5-б.,4-т.). 39-бап­тың 3-тарма­­­ғы­­­на сәйкес ар-ождан бо­с­тандығы «еш­­­бір жағдайда шек­телмеуге тиіс». Ата Заңымыздың тек дінге қа­тысты нормаларын түгелдей бекерге келтіріп отырған жоқпыз. Конституцияның бұл норма­ла­ры­ның «ең жоғары заң күші бар және олар бүкіл республика аума­­­ғында тікелей қолданылады». Енді Конституцияның осы бап­­­тарына түсінік беріп көрейік. Мемлекеттің зайырлығы ұғымы нені білдіретініне тоқталайық. Біріншіден, діннің мемлекеттен немесе мемлекеттік саясаттан бөлек екенін білдіреді. Осыған орай діни ұйымдар сайлауға қа­тыса алмайды. Діни орындарда сайлауалды үгіт жүргізуге жол бе­­­рілмейді. Діни қызметкер өкіл­­ді органның депутаты болып тіркеле алмайды және сайлауалды үгітке қатыса алмайды. Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген және қаржыландырылмайды. Мем­­­­­лекет діни бірлестік қызметіне тән заңдар бұзылғанда ғана ара­ласады. Екіншіден, зайырлы мемлекет ар-ождан бостандығын білдіреді. Бұл дегеніміз, әркімнің дінді өзі таңдайтынын, діни рәсімдерді ұс­­­тау немесе ұстамауды өзі таң­­­дай­тынын мегзейді. Үшіншіден, «Білім беру мен тәрбиелеудің мемлекеттік жүйесі діни бірлестіктерден бөлінген жә­­­не зайырлы сипатта болады». («Ді­­­­ни сенім-наным және діни бірлестіктер туралы» Заң, 5-бап. Бұдан былай ДС ДБТ). Мем­ле­кет­­тік оқу орындарында діни пән­­­­дер оқытылмайды. Мемлекеттік білім беру мен тәрбиелеудің діни бірлестіктерден бөлінгені «Білім туралы» Заңда да бекітілген. Енді осы нормалардың хид­­­жаб киюге қатысы қандай деген сұ­раққа келелік. Хиджаб – діни сенімнен туындайтын киім үлгісі. Оны әрбір хиджаб киюші қыз-келіншек айтады. Діни киім бол­ғандықтан, хиджабтың зай­­­ырлы сипаты жоқ. Оның үстіне хиджаб алыстан менмұндалап, иесінің діни өзгешелігін көрсетіп тұрады. Хиджабтың діни киім екендігін кез келген адам, тіптен балалар да бірден айы­рады. Хиджаб оны киюшінің басын, шашын, мой­­­нын, құлағын, кейде бетінің жар­­тысына дейін тұмша­­лап орап тұ­ра­ды. Хиджабты көбі­­­не ілмекпен бекітіп қояды. Оны әйел ба­ласы шымқай қара немесе сұр­­­қай бір түсті етіп, ұзындығын то­бы­ғына, жеңін алақанына тү­­­сі­­­ріп киеді. Бұл ки­ім­дер­дің қа­­­зақ­­­­тың дәстүрлі киіміне ешбір ұқ­сас­тығы немесе қа­ты­сы жоқ. Керісінше, хиджаб­тың араб-пар­­­сы­лар­дың ұлттық дәс­­түр­лі киіміне қа­тыстылығы бір­ден білініп тұра­ды. Хиджаб киген қыздар бір студенттік топта біреу, кейде екеу бо­луы мүмкін. Олар басқа қыз­­­дардан оқшау­ла­нып жү­реді. Са­­­­қал қойып, қысқа балақты шалбар киген жігіттермен ғана сөз­­­дері жарасады. Хиджаб киген қыздар мұсыл­­­манға, соның ішінде қазақ қыз­да­рына тән ибалық пен мәдениетті мойындай бермейді. Олардың иба­лығы мен мәдениеті бөлектеу. Керек десеңіз, олар зиярат жасау, ару­­ақтарға құран оқу, жеті нан пісіру, келіннің бетін ашу сияқты ұлттық дәстүрлерді Ислам дініне қарсы санайды. Қазіргі кезде Ислам дініндегі осындай ағымдар елімізде баршылық. Енді хиджаб киген қыздардың мемлекеттік оқу орындарында еркін жүріп-тұру мәселесіне ора­лай­ық. Конституция және заңдар бой­­­ынша мемлекеттік білім және тәр­бие беру мекемелері діннен бөлін­гендіктен, оқу-тәрбие жұ­мыс­тары тек зайырлы сипатта жүруі тиіс. Хиджаб діни киім бол­ғандықтан, оны киген қыз­дар­­ды мемлекеттік білім беру орын­­­дарына кіргізу заң­­ды сақтау емес, керісінше, бұзу бо­лып табылады. Бұл жерде хиджаб киген қыз­дар­ды мемлекеттік білім беру мекемесіне кіргізбеу олардың құ­қы­ғын бұзу емес, керісінше, Конс­­­­титуцияны және заңдар­­­ды сақ­­­тау болып табылады. Бұл та­лап­ты хид­жаб киген қыздар жақсы тү­сініп қана қоймай, оны сақтауы және құрметтеуі тиіс. Ал мемлекеттік емес оқу орындары болса, хиджаб кию немесе кимеу мәсе­­лесін, сондай-ақ діни пәндерді оқы­туды өздері шешеді (ДС ДБТ, 5-бап). Айталық, мемлекеттік білім беру мекемесінде хиджаб киюге рұқсат берілді дейік. Онда елімізде тіркелген 45 діни конфессия өкілдері әрқайсысы өз киімімен келуі әбден мүмкін. Сондықтан заң бәрінен жоғары тұруы тиіс. Енді хиджаб киюдің еліміздегі тарихи жағдайына келейік. Қ­а­­­зақстан тарихында Ислам діні үш рет мемлекеттік дін ретінде бекітілді. Бірінші рет Қарахан мемлекетінде (Х-ХІІІ ғасырлардың ба­сы), Моғолстанда (1347-1533 жж.) және Алтын Ордада 1312 жылдан соң. Ислам осы мемлекеттердің ресми діні болып, басқа діндерден жоғары тұрды. Сол кезең­­­дер­­­де Ислам діні мемлекеттік бол­ға­нымен, әйелдерге хиджаб киюді міндеттемеді. Тіптен Ислам діні­нің дамуына өлшеусіз үлес қос­қан, Исламның 70 мың әулие-әм­биелеріне ескерткіш орнатқан Әмір Темір де (1336-1405 жж.) хиджаб киюге жол бермеді. Себебі, олардың бәрі де хиджабтың араб-парсылық сипатын жақсы білді. М.-Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты үлкен еңбегінде де хиджаб туралы ештеңе жоқ. Ислам дінін қабыл­да­ғаннан бер­­гі қазақ тари­хындағы деректемелерде, суреттерде, тарихи әде­би­­еттерде, өнер ту­ын­ды­ла­рында, эпос­­­тық жыр­­лар­да, археология­лық қаз­­­­ба­лар­да хиджаб киген қыз бейнесі кездеспейді. Сонда хид­­жабтың қа­­зақ ұл­ты­на тарихи, дәс­түр­лік, діни ки­ім ретінде еш­­қандай қатысы жоқ. Тарихи, дәстүрлі-ұлт­тық тұр­ғы­дан да қа­зақ қыз­­­дары мен әй­ел­дері ашық-шашық жүрме­ген, есе­сіне эстетикалық тұр­ғы­дан өте жарасымды ұлт­­­­тық киімдер киген, бірақ бетін ешқашан тұм­­ша­ламаған. Әрине, қазіргі интеграция мен урбанизация зама­нын­да әйел­дер­­­дің киімдері өз­герді. Діни киімдер де, ұлттық киімдер де екінші қатарға ысы­рыл­ды. Бүкіл әлем халықтары ұқсас киімдер кию­ге көшті. Әй­елдердің діни дәс­түрлі киім киюі тек таза Ислам мемлекеттерінде сақталып қалды. Әлем әйелдері мен қызда­ры­ның бір бөлігі сән қуып, жарты­лай жалаңаш киімге көшті. Олар­ға қарсы екінші бөлігі діни хиджаб, никаб киюге бет бұрды. Осы тұрғыдан хиджаб кию жар­тылай жалаңаш киім киюшілерге табиғи қарсылық ретінде пайда болып отырған сыңайлы. Оның үстіне хиджаб діни сипатты білдіреді. Шынында, хиджаб араб-парсы әлемінің тарихи, ұлттық және мәдени үлгісі екені белгілі. Осыдан келіп хиджаб кимеген немесе зайырлы киінген қазақ қыз­­дары мұсылман емес пе, болмаса жартылай мұсылман ба деген сұрақ туындайды. Бірақ олар өздерін толық мұсылман санай­ды. Мұсылман әйел болу үшін тұм­­­шаланып хиджаб кию ша­ри­ғат бойынша шарт емес. Хиджабтан өзге киіммен де намазға жы­ғылуға болатыны белгілі. Хиджаб, никаб, паранжа кию әлемдік сипат алуда. Францияда паранжа, никаб киюге толық тый­ым салынып, ол заңмен жазала­на­тын болды. Түркия, Әзербай­жан, Тәжікстан тағы басқа елдерде хиджабпен мемлекеттік оқу ор­ындарына кіргізбейді. Кейбір елдерде әйелдер хиджаб киюді талап етіп, митингтер мен шерулерге шығуда. Мұндай жағдай Қа­зақстанда да қылаң беріп қал­­­ды. Бұл секілді әрекет­тер қоғам­дық келісім мен саяси тұрақ­ты­лықты бұзуға, дінаралық және дінішілік бірлікті ыдырат­у­ға ба­ғыт­талатыны айдан анық. Міне, хиджаб киюді талап ету­дің соңы неге апарып соғуы мүм­кін екендігін осыдан-ақ пай­ым­дауға болады. Біздің айтарымыз – мемлекеттік оқу орындарында хиджаб киюге тыйым салатын арнайы заң қабылдаудың ешқандай қажеті жоқ. Мұндай талаптың қазіргі заң­намада бар екендігін жоға­ры­да айттық. Мәселе оларды қолд­а­нудың жолдары мен әдістерін анықтап беруде ғана. Ғаппар МАЙМАҚОВ, тарих ғылымдарының кандидаты, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің мүшесі. Шымкент.