26 мамырда Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, тек батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерінде найзағайлы жауын жауады.
Республиканың кей жерлерінде тұман, шаңды дауыл соғып жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, желдің екпіні 15-20 м/с-ге күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, таңертең және күндіз Жамбыл, күндіз Алматы, Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі.
Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.