• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Мамыр, 2017

Қостанайға жаңа вагондар келді

431 рет
көрсетілді

Жолаушы тасымалымен айналысатын «Түрксіб-Астана» компаниясы лизингіге 10 плацкарт вагон алып, оны  №43 Қостанай-Алматы пойызына тіркейтін болды.

Жаңа вагондар Қостанай-Алматы, Қостанай-Қарағанды, Қостанай-Арқалық аралығына жүріп тұратын болады. Жаңа вагондардың ескіден артықшылығы көп. Біріншіден өте жайлы, әр вагонда полкалар автоматты түрде ашылып-жабылады, екінші қабатта жолаушының қауіпсіздігі ескерілген, вагонда желдеткіш,қысқа толқынды пеш, электронды табло, екі биодәретхана бар.

Бұл Қостанайға әкелінетін соңғы вагондар емес. Жақын уақытта тағы да 16 вагон алынады, оның ішінде купелік вагондар да  болады. Биыл Қазақстан бойынша жүретін 52 вагон алу жоспарланып отыр. Компания басшылығының айтуынша, жаңа вагондардың бағыттарға қосылуы билет бағасына әсер етпейді.

Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан»