Мәскеу қаласында қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова (4-1, 2 КО) мен ресейлік Ольга Забавина (0-6) жекпе-жек өткізді.
Кездесу 6 раундқа жоспарланған. Бірақ отандасымыз үшінші раундта Ольга Забавинаны техникалық нокаутпен жеңді.
Айта кетейік, Фируза кәсіпқой бокста бесінші жеңісіне қол жеткізді. Оның үшеуін уақытынан бұрын аяқтады.