• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Медицина 28 Мамыр, 2017

Павлодарда 70 сәбидің ата-анасы екпе алудан бас тартқан

105 рет
көрсетілді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екпе алудан бас тартқан ата-аналардың 7,1 пайызы діни көзқарастары үшін, 65,7 пайызы жеке себептерге байланысты келісімін бермеген көрінеді.

Сондай-ақ, 30 пайызға жуық ата-аналар екпеге сенімсіздік білдірген. Және де медициналық көрсеткіштер бойынша ата-аналар көбінесе  балалары бір жасқа толғанға дейін екпеден уақытша бас тартады.

Мысалы, 2016 жылы 224 ата-ана  екпеден бас тартыпты. Оның ішінде бұқаралық ақпарат  құралдарында жарияланған, жазылған  ақпараттардан да кері әсер алған ата-аналар да кездескен. Елімізде Үкімет қаулысына сәйкес әзірленген «Ұлттық егу күнтізбесіне» орай  кішкентай сәбилер туберкулезге қарсы, В вирустық гепатитіне, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, гемофильді жұқпа, қызылша, қызамық, эпидемиялық, пневмококтік басқа да  денсаулыққа  қажетті екпелер алады. Облыста екпе алатын балалардың саны тіркеуде. Ал, екпе алып, екпеден асқынып ауырған, зардап шеккендер кездеспеген.

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы