Кеше Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында қазақ күресінен әлем кубогы аяқталды. Жиырма алты мемлекеттің мықты балуандары қатысқан дүбірлі додада қазақтың жiгiттерi қарымдылығын танытып, барлық салмақта жеңімпаз атанды.
Жетпіс келіде Қасымхан Төленбаев қарсылас шақ келтiрмесе, 90 келіде Бекзат Ахметбеков топ жарды. Ал 90 келіден жоғары салмақта «Қазақстан Барысы» Айбек Нұғымаров ақтық сында 160 келi тартатын орыс балуаны Рүстем Арсылановты 3 минут шамасында жауырынын жер иiскеттi.
Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген Мерей Қартов