• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Мамыр, 2017

Халықаралық кеңестің кезекті отырысы өтті

163 рет
көрсетілді

Жоғарғы сот Төра­ға­сы Қайрат Мә­ми­дің жетекшілік етуі­мен Жоғарғы сот жа­нын­дағы Халық­ара­лық ке­ңес­тің ке­зек­ті отырысы өтті. Осы­мен үшінші рет ұй­ым­­дастырылған жи­­­ын­ға Халықаралық ке­ңестің мүшелері мен елі­міздің Жоғарғы сот ор­ганының судьялары, Жоғарғы сот жа­нын­да­ғы Соттардың қыз­­метін қамтамасыз ету де­партаментінің бас­шы­лығы қатысты.

Жиынды ашқан Жоғарғы сот төрағасы Қ.Мәми биылғы жылы Жоғарғы соттың жалпы отырысының қаулысына сәй­­кес Кеңестің құрамы 15 ада­м­ға жаңарғанын атап өт­ті. Төрағаның мәлі­м­деу­­інше, Кеңес құрамына Ре­сей мемлекеттік сот тө­ре­лігі университеті Қыл­мыс­тық сот ісін жүргізу бө­лі­мі­нің меңгерушісі, заң ғы­лым­дарының докторы Оксана Качалова, Англия жә­не Уэльс (Ұлыбритания) жо­ғар­ғы сот­та­рының адвокаты, «Ст­ра­­тегиялық бастамалар ор­та­лы­ғы» серіктестігінің се­рік­те­сі Кирилл Зенин, Таллинн ок­руг­тік сотының жә­не Еуро­д­жаст қа­да­ғалаушы соты­ның судьясы Павел Гончарев қосымша мү­ше болып кірген.  «Бұл Кеңес Мемлекет бас­­шысының тапсырмасын орын­дау мақсатында құ­рыл­ды. Жұ­мыс істей бас­та­­ға­ны­на бір жылдан астам уа­қыт өт­ке­­ніне қарамастан Ха­лық­ара­­лық кеңес институт ре­тін­де қалыптасты. Оның қыз­ме­ті ха­лықаралық практика тұр­ғы­­сынан сот төрелігін жү­зеге асы­ру жұмысына ұсы­ным­дар мен тұжырымдар бе­руі­мен ма­ңызды», – деді Қ.Мәми. Құқық қорғаушылардың айтуынша, Кеңес мүшелерінің бел­сенді қызметінің нәти­же­сінде алғаш рет инвестициялық дау­ларды қарау бойынша әдіс­те­мелік түсіндірулер әзір­лен­­­ген. Әсіресе, инвес­тор­лар­­­дың қатысуымен болатын дау­­лар бойынша белгілі бір ұсы­­нымдар дайындау мақ­са­тын­да мемлекеттік органдар өкіл­дері мен инвесторлардың қа­тысуымен кездесулер өтіп, нақты сот істері бойынша процестік заңнама шеңберінде қо­рытындылар жинақталған. Сондықтан биылғы жұмыс жоспарында сарапшылардың ұсы­ныстарын ескере отырып, қыл­мыстық және азаматтық сот ісін жүргізудің өзекті мә­се­ле­лері енгізіліп отыр. Жиында Жоғарғы сот­тың Мамандандырылған сот алқасының төрайымы Айгүл Қыдырбаева Кеңес жұ­мы­сының өткен жылғы нәти­же­ле­рі мен алға қойылған жос­па­р­лары туралы баяндады. Сонымен қатар, «ҚазБар» Қа­зақ­стандағы коммерциялық заң­гер­лер қауымдастығының бас­қару кеңесінің төрайымы, Халықаралық кеңестің мүшесі Айгүл Кенжебаева да сот жүйесін жаңғыртумен қатар, ре­формалау сотта мүдделерге өкіл­дік ету институтына ық­пал етуі тиістігі жөнінде сөз сөйледі. Орайы келгенде өз ойын біл­­дірген Жоғарғы сот тө­ра­­ғасы құқықтық мем­ле­кет­тер­дің рейтингі заң үс­тем­дігі индексі, соның ішінде, қылмыстық сот төрелігінің көр­сет­­кіштері бойынша анық­та­ла­тындығына тоқ­тал­ды. «Өздеріңізге мәлім, Қазақстанның қазіргі таңд­а­ғы қылмыстық саясаты ізгі­лен­діруге және қылмыстық құ­қық бұзушылықтарды қылмыссыздандыруға бағытталған, со­ның ішінде шын мәніндегі бас бостандығынан айыру жа­засы айыппұл салу жазасы­на ауыстырылуда», – деді Қ.Мәми. Жиын соңында Жоғар­ғы сот Төрағасы Кеңес мү­ше­лері А.Кенжебаева мен Й.Пуделька, К.Мастерс пен Ж.Елубаевты Халықаралық кеңес жұмысына белсене қатысып, қызметте көрсеткен кә­сіби шеберлігі үшін және рес­публиканың сот жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хаттармен марапаттады.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»