• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Мамыр, 2017

Моңғолия президенті Астанада өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады

154 рет
көрсетілді

Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж Астанада 8-9 маусымда өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммитіне қатысу үшін Қазақстанға сапармен келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Моңғолия 2004 жылы Ташкент саммитінде бақылаушы мәртебесін алған алғашқы ел.

Айта кетейік, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) - 2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан көшбасшылары негізін салған халықаралық ұйым. 1996 жылы «Шанхай бестігі» деген атаумен құрылған еді. 2001 жылы бес мүше ел ұйымның құрамына Өзбекстанды қабылдап, ұйымның атауы Шанхай ынтымақтастық ұйымы немесе «Шанхай алтылығы» болып өзгертілді. 2015 жылдың шілде айында ШЫҰ-ға Үндістан мен Пәкістанды қабылдау рәсімі басталды.