• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Мамыр, 2017

Азат елдің айбынына арналды

209 рет
көрсетілді

Азат елдің айбынына айнал­ған рәміздеріміздің, яғни Ту, Ел­таңба, Әнұранның қабыл­дан­ғанына да ширек ғасыр толып отыр. Бір замандары Конфуций «Әлемді нышандар мен рәміздер билейді», деген екен. Шынында, аспан түстес көк Туымыз, рухты Әнұранымыз төрткүл дүниенің барлық жерінде желбіреп, асқақ естіліп, халқымыздың қадірін арттырып келе жатқаны анық.

Осы бір еңсеңді тік ұстататын Тәуел­сіздік қарлығашы – Мемле­кет­тік рәміздер күніне орай, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты «Бал­дәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығымен бір­лесіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты мақа­ласындағы «Жаңа тұрпатты жаң­ғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу» деген сөзін негізге алған, «Көк тудың жел­бірегені» атты жаңа жоба елі­міздің барлық қалаларында үш айдан бері жалғасын тауып келеді.

Өскелең ұрпақты отаншыл­дық­­қа тәрбиелеу, жастардың бо­­йын­да патриоттық сезімді ны­­ғай­ту мақсатын көздеген осын­­дай шара таяуда Орал қала­сын­да болған еді. Атал­ған кешке «Дарын» Мем­ле­кет­тік жастар сый­лығының иегері, пат­риот­тық әндерді нақышына кел­ті­ріп орындап жүрген Иб­ра­гим Ескендір қатысып, әннен шашу шашты. Әсіресе, оның орын­дауындағы Ермұрат Зейіп­хан­ның «Көк тудың жел­бірегені» (сөзі Алмас Ахметбектікі) атты рухты ән жұртты сергіткені де, сер­пілткені де ақиқат. Сол се­кіл­­ді жоба аясында арнайы мек­­­теп-интернатының өнерпаз жас­­­та­ры, облыстық отбасы үлгі­сін­­­дегі балалар ауылының тәр­бие­лену­шілері де өз өнерлерін көрсетті.

Кеш барысында танымал азамат – Қабдол Тілеков, «Бига­лиев­тер» отбасылық ансамблінің мүшесі Марина Бигалиева, самбодан бірнеше дүркін Қазақ­стан чемпионы Серікбай Нығмет, «Эстет» би студиясының жетек­шісі Сәуле Тілекқалиева, жас ақын, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың биылғы жылғы түлегі Дәурен Шамұратов «Жас Отан» жастар қанатының қатары­на қабылданып, жаңа мүше­лер­ге арнайы төсбелгілер табыс­талды. Сонымен қатар, кон­церт барысында мектеп оқу­шы­лары мен «Балдәурен» РОСО базасында құрылған қазақ­стан­­дық жас патриоттар акаде­мия­сының мүшелері Елбасы­на арнаған тілектерін «Тілек кітап­шасына» жазды. Жастар кітапты эстафеталық жолмен аймақтан аймаққа жеткізе отырып, Астана қаласында Мемлекет басшысына табыстамақ.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»