• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Жазғы спорт 31 Мамыр, 2017

Ауылдың волейболшы арулары

343 рет
көрсетілді

кәсіпкердің қолдауы арқасында өңірде алғаш рет ұлттық лигада өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Кәсіби ойын өрнегімен жан­күйерлерін қуантып, өңір­дің намысын абыроймен қор­ғап жүрген «Қуаныш» қыз­дар командасының Ұлт­тық лигаға жолдама алуы – облыстың волейбол та­ри­хын­­да бұрын-соңды бо­лып көр­­меген үлкен же­тіс­тік! Біз команданың аға жат­тық­­­­тырушысы Азамат ЕСІ­­М­ОВ­КЕ­ жолығып, ұжы­­­м­ның құрылу, қа­лып­та­су, тә­жі­ри­бе жи­нақтау жә­­не та­­быс­қа жету жолда­ры жай­лы әң­­гі­мелескен едік.

– Азамат мырза, команда қай жылы отау тікті?

– Ол жайлы тереңнен айтар болсақ, Тимирязев ауданында егіншілікпен айналысатын ша­руа қожалығының басшысы Қай­ырбек Хамзинді алдымен ау­ызға аларымыз заңды. Өйткені, қай­ы­рымды ісі мол, сауапты шаралар­дан еш тартынбайтын айтулы аза­мат жергілікті волейболшы қыз­дарға үнемі қолдау көрсетіп, қар­жылық демеу жасап жүрді. 2010 жылы облыстық деңгейдегі мық­тылар санатына қосылу керек де­ген идеяға бастамашы болып, «Қу­аныш және К» командасын құрды. Оның құрамына Ақсуат, Степное, Тимирязево, Дмитриевка елді мекендерінен спортқа бейімі бар 7-8 сынып оқушылары тартыл­ды. Ол кезде мен аудандық бала­лар және жасөспірімдер мек­те­бін­де жаттықтырушы және гим­на­зия мектеп-интернатта дене шы­нықтыру пәнінің мұғалімі болып істейтінмін. Арада үш жыл өт­кеннен кейін 1995 жы­лы ту­ған­дар арасында облыс­та же­ңіс­тің ең биік тұғырына кө­те­ріл­дік. Ақ­тық бәсекеде азулы қарс­ы­лас­тар­ымыздың бірі – Қы­зыл­жар ауданының команда­сын ұтып, чемпиондық тәжді қан­жы­ға­мызға өңгердік.

Бүгінде команда облыс­тық бюд­­жет есебінен қаржы­лан­ды­ры­ла­тынына қарамастан, Қай­ре­кең де­меушіліктен қол үзген жоқ. Ол қа­зір «Қуаныш» деген атау­ға ие волей­бол командасының ди­рек­то­ры ретінде Ресейде өтетін жа­рыс­­тарға жүйелі қатысуымызға, спорт­­тық киімдермен, құрал-жаб­дық­тармен қамтамасыз етілуімізге жан-жақты қамқорлық көрсетіп жүр. Ұлттық лигаға өтуімізге ол кісі зор еңбек сіңірді.

– Байрақты бәсекелерге қай кезден бастап қатысып келе­сің­дер?

– Алғаш рет жолымыз 2011 жы­лы түсті. Екібастұз қаласында 1994-95 жылы туғандар арасында Қазақстан кубогы үшін өткен жарыста В. Шмелев баптап апарған команда жақсы қырынан танылды. Ал менің жаттықтыруымдағы команда (1996-97 жылы туғандар) бірінші орынды еншіледі. Ресейден де шақыртулар аз емес. Олардың ішінде ең айтулысы – Орынбор облысында ұйымдастырылатын «Соль-Илецк» халықаралық тур­ни­рі­не үзбей қатысып келеміз. Күміс жүл­дегер болдық.

2012/13 жылғы маусымда жо­ға­ры лиганың «В» тобында өнер көр­сетіп, 3-ші орынды ие­лен­дік. 2014 жылы Теміртаудың «Ме­тал­лургінен» бір ұпай артық ен­шілеп, чемпион атандық. «А» то­бында 5-ші, кейін 3-ші орынға тұ­рақ­тадық. Ал, жуырда аяқталған ХХV республикалық чем­пионат­та бір ғана жеңіліс тап­тық. Осылайша, Ұлттық лигада өнер көрсету мәртебесін иелендік. Мұн­да «Алтай», «Ертіс», «Жетісу» се­кіл­ді өте тегеурінді командалармен күш сынасуға тура келеді.

– Өзіндік ойын өрнегімен ерек­шеленіп жүрген бұрымды во­лейболшыларды атай кетсең?

– Волейбол командалық ойын бол­ғандықтан, әр ойыншының өз ор­ны бар. Десек те, Полина Костива, Нұрила Ақжанова, Маргарита Бель­ченко, Фарида Рамазанова, Сал­т­анат Қошқарбаеваның есім­дері команданың іргетасын қа­лау­шылардың қатарында үлкен мақ­та­нышпен аталады. Бұлар соң­ғы ел біріншілігінде де тамаша ойын мә­нерімен танылды. Айнұр Есен­та­ева, Анастасия Назарова да бо­лашағынан мол үміт күттіреді. Олеся Варкентин, Валерия Ар­та­мошина жасөспірімдер құра­ма­сында жақсы қырынан танылып жүр. Азия біріншіліктеріне қат­ысып қайтты. Полина биыл жас­тар құрамасы сапында Тайландта өте­тін Азия чемпионатына барады.

– Спортқа мамандан­ды­рыл­ған облыстық мектеп-интернат жа­ны­нан волейбол бөлімшесі ашыл­ғалы команда резервтік жа­ғынан нығая түскен секілді.

– Дұрыс айтасыз, бүгінде не­гізгі материалдық базамыз осында орналасқан. Қазір мұнда жас ере­к­шеліктеріне байланысты үш топ жаттығады. Оларды Руслан Мал­дыбаев, Владимир Перепечин және мен баптаймыз. Бөлімшеде өңірдің әр қиырынан келген 30-ға жуық қыз бала волейболдың қыр-сырына үйренеді. Оған 7-сыныптан бастап қабылданады. Негізгі құрамада ойнап жүрген Олеся Варкентин, Нарғыз Ортанова, Кристина Со­ро­кина, Дилбара Аманова осы бө­лім­шенің түлектері.

– Төменгі сыныптардан қа­был­дауға болмай ма?

– Ресейде бірінші сыныптан қа­былдайды. Біз мәселені тиісті орын­дар алдына қойып, оңтайлы ше­шілуіне күш салып жатырмыз.

– Әңгімеңе рахмет. Жеңісті биіктерден көріне беріңдер!

– Айтқаныңыз келсін! Күзде Қазақстан кубогы үшін тартыс бас­та­лады. Қазір соған дайындалудамыз. 2015 жылдан бері ғана кәсіби клуб санатындамыз. Тәжірибенің аз­дығына қарамастан, Ұлттық ли­га­­да да намысты қолдан бермеуге ты­рысамыз.

Әңгімелескен

Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы