• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 01 Маусым, 2017

Тоқаев Грузиямен ынтымақтастықты нығайтуға шақырды

77 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Қазақстандағы Елшісі 3ураб Абашидзені қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі.

Қ.Тоқаев 3.Абашидзені біздің елімізде дипломатиялық қызметінің басталуымен құттықтай келіп, оның қызметіне тілектестігін білдірді және Астана мен Тбилиси арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған 25 жылда ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткенін атап өтті. Сенат Төрағасының пікірінше, екі елдің заң шығару органдары арасындағы диалогты нығайтуға, сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды одан әрі дамытуға назар аудару маңызды.

Парламенттің жоғарғы Палатасының басшысы Президент Гиорги Маргвелашвилидің Астанаға алдағы ресми сапарын аса маңызды деп санайды, өйткені грузин мемлекетінің басшысы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі Грузияның ұлттық күнінің ашылу салтанатына келуді, Президент Н. Назарбаевпен келіссөз жүргізуді және Сенатта болуды жоспарлап отыр. Қ. Тоқаевтың пікірінше, бұл сапар екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын болады.