• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Бизнес 02 Маусым, 2017

Қытайлықтар Ақмола облысында ірі кәсіпорын салады

196 рет
көрсетілді

Қытайлық компания Ақмола облысындағы ірі кәсіпорын ашуға 300 млн доллар салуға дайын екендіктерін білдіріп отыр. Осы мақсатпен бұрнағы күні ҚХР-дың «Anhui Geyi Biorefineries Industrial Park Limited» өндірістік компаниясы Есіл ауданында болып, жергілікті жағдаймен жіті танысып қайтты.

Негізінен қытайлық инвесторлар аудан аумағын инвестициялық жобаларды іске асыру алаңы ре­тінде пайдалануды қарастыруда. Есіл ауданы әкімдігінің хабарлауынша, қытайлық инвесторлар биологиялық массаны, яғни бидайдан қалған сабанды өңдеу көлемін жылына 500 тоннаға жеткізуді ойластырып отырған кәсіпорын салуды көздеуде. Атал­ған жобаға салынатын жалпы инвестициялық қаржының көлемі 300 млн АҚШ доллары болса, оны қытайлықтар өз мойындарына алып отыр. Оның үстіне кәсіпорын аудан тұрғындарына 500-ге тарта жаңа жұмыс орындарын ұсынатын болады. Жоба бойынша кәсіпорын жылына 10 млн тонна сұйық және құрғақ тыңайтқыштар шығару қуатына ие. Сонымен қатар, зауытта 5 мың текше метр метан өндіріліп, 120 млн кВт электр қуатын өндіруге мүмкіндік туады. Оның үстіне 70 мың тонна биохимиялық лигнин (көптеген өндірістерде және медицинада қолданылатын қымбат химиялық шикізат) шығарып, Еуропа мен Қытайға экспорттауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, жыл сайын 20 мың тонна жоғары сапалы қағаз бен 200 мың тонна картон шығару үшін зауыт целлюлоза шикізатын өндіре алады.  Жобаның артықшылығы – ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеп, одан таза экологиялық жолмен электр қуатын өндіре алады. Осыған орай қытайлық деле­гация Есіл қаласының орта­лық жылу қазандығының жұмы­сымен танысып, кәсіпорын құ­рылысын жүргізетін және шикізат сақтау қоймаларын салатын жер учаскелерімен танысты. Сондай-ақ, делегация өкілдері аудан орта­лығының темір жол және тас жол логистикасының мүмкін­діктерімен, сумен қамтамасыз етудің жайымен жақын танысуға мүмкіндік алды. Қытайлық тарап өздерінің инвестициялық жобаларын іске асыруға қажетті аудан логистикасының дамуы деңгейіне, инфрақұрылымының қамтамасыз етілгеніне көз жеткізіп, көңілден шыққандығын білдірді.  

Асқар Тұрапбайұлы, «Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы