• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Маусым, 2017

Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келеді

142 рет
көрсетілді

ҚХР президенті Си Цзиньпин Астанада өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне және EXPO-2017 көрмесінің ашылу салтанатына қатысады. Бұл туралы ҚХР СІМ ресми өкілі Лу Кан хабарлады.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен ҚХР президенті  Си Цзиньпин 7-10 маусым аралығында Қазақстанға ресми сапармен барады. Ол Астанада өтетін ШЫҰ-ның 17-отырысы мен «ЭКСПО» ашылу салтанатына қатысады деп жоспарланған», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, ШЫҰ саммиті Астанада 8-9 маусым күндері, ал EXPO-2017 ашылу салтанаты 9 маусым күні өтеді.