Жиынға Өзбекстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Ауғанстан елдерінен бірқатар сарапшылар қатысты.
Конференция барысында Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың бүгінгі жағдайы мен болашағына қатысты мәселелер талқыланды. Нақтырақ тоқталар болсақ, аймақтық күш тепе-теңдігіндегі Орталық Азия елдерінің, Ресейдің, Қытайдың, АҚШ пен ЕО және жетекші азиялық мемлекеттердің рөлі, ҰКШҰ, ШЫҰ, ЕВЭО, НАТО, сондай-ақ өзге де xалықаралық ұйымдардың жұмысы мен өзара әрекеттестігі және осы салалардағы аймақтық ынтымақтастық мәселелері қозғалды.
"Біздің Қауіпсіздік кеңестегі тұрақты емес мүшелігінің барысында Орталық Азия негізгі бағыттардың бірі ретінде анықталғаны белгілі. Осыған байланысты БҰҰ-да Қазақстан Орталық Азиядағы жағдай, қауіптер, болашағы, осы жөнінде қандай көмектер көрсету керектігі жайлы мәселелерді көтеріп жатыр. Міне, осы іске байланысты бүгін маңызды жиын өтіп жатыр", деді ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Аян Әбдуәли,
"Егемен Қазақстан"