• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қаржы 02 Маусым, 2017

Медициналық сақтандыру қорына жыл сайын қанша қаражат жұмсалады?

99 рет
көрсетілді

Медициналық сақтандырудың барлық қызметіне жылына 600 миллиард теңге қажет. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында айтты.

"Бұл сан халық саны мен олардың медициналық көмекке жүгінуінен шығып отыр. Заң күшіне енді, енді ол барлық адамға міндеттеледі: қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, жұмысшылар - барлығы аударым жасап отыруы тиіс", - деді министр.

Сондай-ақ, министр қорда ақшаның жиналатынына сенімділік білдірді. "Бізде осы жылы бірінші қаражат ретінде 22 миллиард теңгеміз бар, ал жалпы негізі кем дегенде 57 миллиард теңге керек. Осы қаражат келесі жылы болуы мүмкін қауіп-қатерлерді жоюы керек. Мұның барлығы қордың қаражат жағынан тұрақсыздығын қамтамасыз ету мақсатында талап етіліп отыр", - деді министр.