• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Үкімет 02 Маусым, 2017

Сағынтаев Түркия вице-премьерімен кездесті

173 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Түркия Премьер-Министрінің орынбасары Тұғрыл Түркешпен кездесті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Тараптар кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Қазақстанда Түркиямен бірлескен индустриялық аймақтарды құруды жалғастыру, қазақстандық астықты Түркияға жеткізу көлемін ұлғайту, транзиттік көлік дәліздерін кеңейту мен жетілдіру, сонымен қатар, түрік инвесторларының Қазақстанның туристік инфрақұрылымын дамытуға қатысуы жөніндегі мәселелер қаралды.  

Бұдан өзге, кездесу барысында 2015 жылы Мемлекет басшысы Н. Назарбаев пен Түркия Президенті Р. Ердоған қол қойған «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасын іске асыру барысы қаралды.

Кездесудің соңында биыл тамыз айында өткізілетін Қазақстан-Түркия Үкіметаралық экономикалық комиссиясының 10-отырысын өткізу мәселелері қаралды.