• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Маусым, 2017

Петропавлда партия көшпелі қабылдау өткізді

180 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясы жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінің мүшелері Қызылжар өңірінде болып, жергілікті жағдаймен танысты. Тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады.

Партияның көшпелі қабылдауына  отыз тұрғын  келіп,  түрлі мәселелер бойынша  арыз-шағымдармен қайрылды. Солардың бірі Айымгүл Қадырменова әке-шешесімен бірге Есіл ауданынан облыс орталығына  көшіп келіпті. Бау-бақша қауымдастығында тұрып жатқан саяжайды  қызыл су шайып кеткен. Оның айтуынша, ешқандай материалдық көмек көрсетілмеген.  Ата-анасының зейнетақылары аз. Өзі  биыл жоғары оқу орнын бітіріп,  жұмысқа орналаспақ.  Университеттің жатақханасында уақытша тұрып жатқан көрінеді. Жаңа  баспана сатып алуға мүмкіндіктері жоқ.    «Қадырменовтердің отбасы  саяжай аумағында тұрғандықтан, өтемақы алуға құқылары жоқ. Соған  қарамастан  демеушілік көмек берілетін болады.     Біз бұған дейін аудандарды  аралап,  тасқыннан зардап шеккен отбасылардың жағдайын көзбен көрдік. Түрлі  көмектер көрсетілді», деді  «Нұр Отан» партиясы жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі  Жұмажан  Жүкенов.    Жамбыл ауданынан арнайы келген Серікбай Сүйіндіков  жеті жыл бұрын бұғанасын зақымдап,  екінші топтағы мүгедектік беріліпті. Екі рет ота жасалыпты.  Денсаулығының  дімкәстігіне қарамастан  үшінші топқа көшіріпті. Ол стационарлық ем-дом ала алмай жүргеніне ренішті.     Оған   дәрігерге қаралу, амбулаторлық карта жүргізу, стационарлық ем-дом алу секілді талаптарды орындай отырып,  мүгедектік дәрежесі  анықталатыны жайлы  кеңес берілді.       Ж. Жүкеновтың сөзіне қарағанда, жыл басынана бері  партияның қоғамдық қабылдауына 300 мыңнан астам  адам келген.  Олардың төрттен бірі   тұрғын үй, жер телімдері,  еңбекақы төлеу, еңбек даулары, тағы басқа мәселелер бойынша  қайрылған.   Өмір Есқали,

"Егемен Қазақстан"

Солтүстік Қазақстан облысы