Бүгін Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсері етеді, осыған байланысты ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі. Кей өңірлерде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр болуы мүмкін, жел күшейеді. Тек елдің батыс және оңтүстік өңірлерінде күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарында түнде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, күндіз жауын жауады.
Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.