• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Маусым, 2017

Балалардың өз әлемі бар

156 рет
көрсетілді

Бурабай ауданында «Біз – ХХІ ғасыр балаларымыз: біздің құқы­ғымыз және мүмкіндіктеріміз» атты балалар мен жас­өспірімдер қозғалыстарының VII саммиті өтті.

Адамзаттың рухани құндылық­тарын дамыту және сақтай білу – өскелең ұрпақтың борышы. Осыған орай облыстық ішкі сая­сат басқармасының бастамасымен «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігінің және облыстық білім басқармасының қолдауымен аталған іс-шара өз мәресіне жет­ті. Елбасының «Болашаққа көз­қарас: қоғамдық сананы жаң­ғырту» тұжырымдамасы шең­берінде өткен саммитке Білім және ғылым министрлігі, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, зерт­теушілер, балалар қоғамдық қоз­ғалысының жетекшілері, мүге­дек балалар ата-аналары, педа­­гог­­тар, түрлі мемлекеттік және қоғам­дық ұйымдар өкілдері қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – өскелең ұрпақтың өз мүмкіндіктері мен шы­ғармашылық жігерін жану, олардың бойында өз ұм­ты­лыстарын ұштай отырып, жа-у­ап­­­кершілік пен толеранттылықты, мәдениет пен бітімгершілікті бойларына сіңіре білу. Саммит өткен үш күн ішінде Ақмола облысының 30-ға тарта балалар ұйымдарының жеткіншектері үшін көптеген шаралар ұйымдастырылды. Іс-шара аясында өткен көрмеге келуші­лер инновациялық жобаларды тамашалап, жастар ұйымдары жеткен жетістіктермен танысты. Сондай-ақ, заманауи технологиялар жөнінде шеберлік сыныптары өткізіліп, ғылыми-практикалық конференция­да жастардың мүм­кіндіктері жан-жақты сарапталды, өскелең ұрпақты патриот­тыққа тәрбиелеу барысы сөз етілді. Саммит соңында үздік балалар марапатталды.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы