• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қаржы 05 Маусым, 2017

Бюджетке түскен салықтық төлемдер 11,5%-ға артты

227 рет
көрсетілді

2017 жылдың қаңтар-мамыр аралығында мемлекеттік бюджетке түскен салық көлемі 2,9 трлн теңгені құрады.

Бұл өткен жылғы көрсеткіштен (2,6 трлн теңге) 11,5%-ға артық.  

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, ел бюджетіне ең көп салық төлеген қала Алматы (789,9 млрд теңге) және Астана (422,7 млрд теңге).

Одан кейінгі орындарда Атырау облысы (378,6 млрд теңге).

Төртінші және бесінші орындарда тиісінше Ақтөбе облысы (153,8 млрд теңге) мен Қарағанды облысы (153,6). Артынша ШҚО (143,8 млрд теңге).

Одан кейін Маңғыстау облысы (138,3 млрд теңге), Алматы облысы (129,2 млрд теңге), ОҚО (121,4 млрд теңге), БҚО (119,5 млрд теңге) және Павлодар облысы (93,6 млрд теңге).

Ал Қостанай облысының үлесі (66,7 млрд теңге) болса, Ақмола облысы мемлекеттік қазынаға (45,7 млрд теңге) құйды. Өз кезегінде Қызылорда мен Жамбыл облыстары тиісінше (42,2 млрд теңге) және (31,3 млрд теңге) құйды.

Мемлекеттік бюджетке ең аз салған өңір ретінде СҚО (30,7 млрд теңге) тіркеліп отыр.