• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Үкімет 05 Маусым, 2017

Бақытжан Сағынтаев Доминикан Республикасының сыртқы істер министрімен кездесті

112 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Доминикан Республикасының сыртқы істер министрі Мигель Варгаспен кездесу өткізді.

Кездесу аясында сауда-экономикалық байланыстар, өңірлік нарықтарға шығу, сонымен қатар Қазақстанда Доминиканның дипломатиялық миссиясын ашу мен екі ел арасындағы визалық режимді ырықтандыру мәселелері талқыланды.

Алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге, оның ішінде баламалы энергия көздерін дамыту мен БҰҰ қолдауымен «жасыл» технологияларды дамыту және инвестициялық жобалар халықаралық орталығын ашу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы мен Доминикан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 2011 жылғы 7 маусымда орнатылған.

Доминикан Республикасы ЭКСПО-2017 көрмесінде Латын Америкасы елдерінің павильонында ұсынылады. Биыл 7 тамызда ЭКСПО аясында Доминикан Республикасының ұлттық күні аталып өтеді.