• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Бизнес 05 Маусым, 2017

Әлемдік жүк тасымалының 8%-ын Қазақстан арқылы өткізуге болады

218 рет
көрсетілді

Қазақстан арқылы әлемдік жүк тасымалының 8%-ын өткізуге болады. Оған артығына жол мен контейнерлердің шамасы жетпейді, деді "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Ерхат Ысқалиев.

"Қазіргі таңда жүк тасымалы үшін үлкен талас болып жатыр. Бұл тұрғыда кім жайлы жағдай жасап береді, сол ұтады", деді Ысқалиев. 

Сонымен қатар қазір теңіз, авто және теміржол арасында да бәсекелестік күшті. Бүгінде тұтынушы бәрін бір пакетпен алғысы келеді. 

Қазіргі таңда Қазақстан арқылы әлемдік жүк тасымалының тек 2%-ы ғана өтеді екен. 

Сарапшының пікірінше, бұл көрсеткішті максималды 8%-ға дейін арттыруға мүмкіндік бар. 

ҰКП өкілінің мәліметінше, экспорттық тауарлар ішіндегі тасымал шығыны тауардың өзіндік құнының 50%-ын құрайды.