• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Маусым, 2017

Қостанай-Мәскеу рейсі қайта ашылады

222 рет
көрсетілді

Қайта жаңартылған «Қостанай-Мәскеу» әуе рейсі аптаның 2, 4, 7-ші күндері жасалады, деп хабарлайды «Alau» порталы.

Қостанай әуежайы директорының көмекшісі Александр Андреев хабарлағандай, бұл рейсті қайта іске қосу туралы келіссөздер ұзақ уақыт бойы жүргізіліп, «Аэрофлот» компаниясы инновациялық ұсыныс жасаған.  

«Біз бірінші олармен байланыстық. Олар қазақстандық нарыққа шығу мәселесін қарастырды. Нәтижесінде, бізбен бірге жұмыс істеу туралы шешім қабылдады. 4 маусым күні бірінші рейс жасалды. Рейс сәтті өтті. Ұшақтағы орындардың 90%-ына билет алынған. Сатылым жүріп жатыр, сұраныс жоғары», деді Александр Андреев.

Бұдан бөлек, Qazaq Air компаниясы Астанаға рейс ашуды жоспарлап отыр. Аптаның екінші күні ұшырылатын болады. Көмекшінің айтуынша, компания 20 маусымнан бастап кестеге кіргізіледі.