• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Маусым, 2017

Елорда әкімдігінде ауыс-түйіс

157 рет
көрсетілді

Ерғали Егемберді Астана қалалық Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ол әр жылдары Қазақ мемлекеттік заң академиясы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Бостон университетінде білім алған. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты. Білікті экономист,Master of Science (Administrative studies with Financial Economics concentration). Саяси ғылымдардың кандидаты. Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласының қаржы департаментінде бас маман болып бастаған. Кейін Астана қаласы әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймағы бас дирекциясының бөлім басшысы, сауда басқармасы басшысының орынбасары және Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2006-2010 жылдары Қарағанды облысының мемлекеттік органдарында әр түрлі қызметтерде, 2010-2012 жылдары Премьер-Министрдің кеңсесінде ұйымдастыру жұмысы және аумақтық дамыту бөлімінің бас инспекторы болған.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің аппарат жетекшісі болды.

2013-2017 жылдары Қазақстан Ресбубликасының еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатын алды. (2001). «Астананың 10 жылдығы» (2008), Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл (2016) мерейтойлық медальдардың иегері.