• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Маусым, 2017

Петропавлдан Шымкентке әуе рейсі ашылды

124 рет
көрсетілді

Күрделі жөндеуден  өтіп, қайтадан  іске қосылған Петропавл халықаралық әуежайына  тіршілік қаны жүгіріп, жолаушыларға сапалы қызмет көрсете бастады.

Мұнда  Астана, Алматы бағыттары бойынша  ұшақтар қатынап келсе, бұдан былай Шымкентке  де айқара жол ашылып отыр.  Оның алғашқы жолаушысы ретінде  мектеп оқушысы   Айсұлу  Ерлікқызы тіркелді.  Әке-шешесін қатты сағынғаны түрінен де, сөзінен де білініп тұрды. Бұрын  пойызбен  тәуліктеп сапарласа,  енді отбасына тез-ақ жете алады.  Айтолла Уашев  те қатты қуанулы. Денсаулығы дімкәс жан  биыл Сарыағаш шипажайына жету үшін   көп мехнат көріпті.

«Барлық талаптарға сай жабдықталған  50 орынды «Сирджей-200» ұшағы Шымкент қаласына аптасына екі рет қатынайды. Билеттің бағасы-20 мың теңге.   Жүрдек пойыз «Тальгоға» қарағанда арзан.  Екіншіден, аралық  уақыт  9 есеге дейін қысқарады. Бүгін ұшақ лық толы.  Соған қарағанда  үміт ақталады деген сенім басым. Өйткені,  «Серпін»-2050» бағдарламасы бойынша оңтүстік  жақтардан жастар көп оқиды. Оның үстіне  ішкі миграция үдерісін реттеу жөніндегі Үкімет бағдарламасына орай көшіп келушілер де, сонымен бірге  демалушылар қатары да  қалың. Осы жайттар жан-жақты ескерілген», дейді  мекеменің директоры Марат Хасенов.

Жолаушыларға  «Скат» авиакомпаниясы қызмет көрсетеді.

Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы