• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Бокс 06 Маусым, 2017

Президент Кубогы. Әбілхан Аманқұл жартылай финалда

109 рет
көрсетілді

Бокстан Астанада өтіп жатқан Президент Кубогы додасында Әбілхан Аманқұл (75 келі) жарыстың жартылай финалына шықты.

Айта кетейік, Әбілхан кеше алғашқы жекпе-жегінде ирандық боксшыдан жеңіп, ширек финалға өткен болатын.

Сонымен қатар, бүгін 60 келіге дейінгі салмақта Әділет Құметов пен Әлімжан Бескемпір шаршы алаңға шығып, Құметов басым түсті. Сұлтан Заурбек Мейірболат Тойытовтан айласын асырып кетті. Жарыстың финалдық айқастары 10 маусымда өтеді.

Жарысқа қазақ спортшыларынан бөлек, Өзбекстан, Иран, Үндістан, Тәжікстан, Филиппин, Оңтүстік Корея, Украина, Ресей, Моңғолия және Қырғызстан елдерінің боксшылары қатысып жатыр.