• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Маусым, 2017

СҚО: Екі адамды өлтірген тұрғын бейнебақылауға түсіп қалған

185 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысы Смирново кентінде орын алған ауыр қылмыс жасаған күдікті ұсталды.

Аудан  орталығына жұмыс іздеп келген Ленинское  ауылының 25 жастағы тұрғыны  47 жастағы әйел мен оның  кәмелет жасынан  асқан ұлын  кездейсоқ жолықтырып, таныстықтың ақыры арақ ішуге, одан әрі дау-жанжалға ұласады.

  Екі адамды өлтірген ауыл тұрғыны бейнебақылауға түсіп қалған.

 «Аудан орталығында 12 бейнебақылау жұмыс істейді. Олардың көмегімен  жыл басынана бері 95 әкімшілік, 2 қылмыстық заң бұзушылық анықталды», дейді  аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы  Қайрат Бимендин.

  Алдағы уақыттта бейнебақылау камералары  Полтавка, Астраханка елді мекендеріне орнатылады.

   Өмір Есқали,

  «Егемен Қазақстан»